|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру". 1. "А", "В", "Г", "Б" және "Д" санатындағы тракторшы-машинист куәлігін алу. 2. "Қаршаналарды, квадроциклдерді жүргізуге рұқсат етіледі" деген жазуы бар тракторшы-машинист куәлігін алу. 3. Тракторшы-машинист куәлігін ауыстыру. 4. Тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын алу.
|
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
|
|
2
|
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
|
1) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал); 2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі. Тракторшы-машинист куәлігін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
|
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
Тракторшы-машинист куәлігін берген кезде – жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттары тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні. Куәлік жоғалған кезде "Телнұсқа" деген белгімен жаңа куәлік: 1) тұрғылықты жері бойынша тіркелген тұлғаларға осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде; 2) куәлік берген көрсетілетін қызметті берушінің тракторшы-машинист куәлігін беру кітабындағы жазба негізінде, көрсетілетін қызметті алушының өтініш берген орны бойынша куәлікті бергені туралы мәліметтер болмаған жағдайда – құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.
|
|
4
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлық кіші түрлері бойынша: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде
|
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
"А", "В", "Г", "Б" және "Д" санатындағы тракторшы-машинист куәлігін, "қаршаналарды, квадроциклдарды басқаруға рұқсат етіледі" деген жазуы бар тракторшы-машинист куәлігін, тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты беру.
|
|
6
|
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы бюджетке мемлекеттік баж төлейді, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 615-бабы 9) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Салық кодексі): тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін - 0,5 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Мемлекеттік баж екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол емес тәсілмен сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма қол емес нысанда төленеді.
|
|
7
|
Мемлекеттік қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
|
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында; 2) порталда орналастырылған.
|
|
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
Көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады: көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: 1) "А", "В" және "Г" санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін: нысан бойынша өтініш; "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСM-175/2020 бұйрығы) бекітілген "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны; "ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист" мамандығы бойынша кәсіби даярлық туралы емтихан пунктінің оқыту курсын аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторшы-машинист" біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі; Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат; өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет; 2) "Б" және "Д" санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін: нысан бойынша өтініш; № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны; "ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист" мамандығы бойынша кәсіби даярлық туралы емтихан пунктінің оқыту курсын аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторшы-машинист" біліктілігін растайтын дипломның көшірмесі; Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат; өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет; Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 35-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының еңбек жолын растайтын құжат; 3) "қаршаналарды, квадроциклдерді басқаруға рұқсат етіледі" деген жазуы бар тракторшы-машинист куәлігін алу үшін: нысан бойынша өтінім; № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны; "А" және "В" немесе "Б" және "В" санаттары рұқсат етілген бар тракторшы-машинист куәлігінің көшірмесі немесе рұқсат етілген "А" немесе "А1" немесе "В1" санаттары бар жүргізуші куәлігі; Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат; өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет; 4) тракторшы-машинист куәлігін ауыстыру үшін: нысан бойынша өтінім; № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны; Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат; өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет; тракторшы-машинистің ескі куәлігі; 5) тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын алу үшін: нысан бойынша өтініш; № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у нысаны; Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат; өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет; порталға жүгінген кезде: 1) "А", "В" және "Г" санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін: электрондық құжат нысанындағы өтініш; № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у электрондық нысаны; ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; "ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тракторшы-машинист" мамандығы бойынша кәсіби даярлық туралы емтихан пунктінің оқыту курсын аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі немесе "ауыл шаруашылығын механикаландыру немесе тракторшы-машинист" біліктілігін растайтын дипломның электрондық көшірмесі; өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет (көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін жүгінген кезде ұсынылады). "Б", "Д" санатты тракторшы-машинист куәлігін алу үшін қосымша: "А", "В" немесе "Г" санаттарында рұқсат белгілері бар тракторшы-машинист куәлігінің электрондық көшірмесі және Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген құжаттардың кез келгені жұмыс өтілін растайтын құжат бола алады; 2) ескі үлгідегі тракторшы-машинист куәлігін жаңа куәлікке ауыстырған кезде: электрондық құжат нысанындағы өтініш; № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у электрондық нысаны; ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет (көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін жүгінген кезде ұсынылады); тракторшы-машинистің ескі куәлігі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге тапсырылады). 3) тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын алған кезде: электрондық құжат нысанындағы өтініш; № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы медициналық анықтама" № 073/у электрондық нысаны; ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, Салық кодексіне сәйкес тракторшы-машинист куәлігін бергені үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; өлшемі 3,5х4,5 сантиметр ақ немесе түрлі-түсті фоны бар фотосурет (көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет нәтижесін алу үшін жүгінген кезде ұсынылады); Жеке басын куәландыратын құжат туралы, мемлекеттік баждың төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төленген кезде), бұрын берілген тракторшы-машинист куәлігі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
|
|
9
|
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер
|
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дұрыс еместігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 4-3/270 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11711 болып тіркелген) бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айрылады.
|
|
10
|
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде веб-порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) мемлекеттік органдардың www.gov.kz интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында; 2) порталда; 3) тиісті қызмет берушінің интернет-ресурсында орналасқан. Үшінші тұлғалардың көрсетілетін қызметтерді алу шарттары: Порталдағы "жеке кабинеттен", сондай-ақ субъектінің порталда тіркелген ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді жіберу немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған, мәліметтері сұратылып отырған тұлғаның келісімі болған жағдайда, үшінші тұлғалардың электрондық сұранымы.
|