|
"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" және "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы: 1. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері 2. Қ азақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 3. Қазақстан Республикасының спорт шебері. 4. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 5. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы. 6. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы. 7. Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы. 8. Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы. 9. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер. 10. Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер. 11. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы. 12. Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі. 13. Ұлттық спорт төрешісі.
|
|
1.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
|
|
2.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
|
Құжаттарды қабылдау "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация), "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы: 1. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері 2. Қ азақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 3. Қазақстан Республикасының спорт шебері. 4. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 5. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы. 6. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы. 7. Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы. 8. Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы. 9. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер. 10. Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер. 11. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы. 12. Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі. 13. Ұлттық спорт төрешісі.
|
|
3.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
20 (жиырма) жұмыс күні. Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
|
|
4.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы: 1. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері 2. Қ азақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 3. Қазақстан Республикасының спорт шебері. 4. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 5. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы. 6. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы. 7. Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы. 8. Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы. 9. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер. 10. Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер. 11. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы. 12. Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі. 13. Ұлттық спорт төрешісі.
|
|
5.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық атақ беру туралы куәлік немесе біліктілік санатын беру туралы куәлік және (немесе) тиісті омырауға тағатын белгі немесе спорттық атақтар мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе дәлелді бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
|
|
6.
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
|
|
7.
|
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі
|
Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін. Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00 – ден 20.00 – ге дейін. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі немесе портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады. Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/entities/msm "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
|
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
|
Мемлекеттік корпорацияға: 1) "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін); осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс; спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясы басшысының мөрімен және қолымен расталған жарыстардың хаттамалары; 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет; 2) "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін); осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс; спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясы басшысының мөрімен және қолымен расталған жарыстардың хаттамалары; 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет; 3) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін); осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат; жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірмесін, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы; спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясы басшысының мөрімен және қолымен расталған жарыстардың хаттамалары немесе спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) құрамының тізімі); 4) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін); осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органының қолдаухаты; кәсіптік білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат; жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама; әдістемелік әзірлеме; 5) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы біліктілік санаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрі бойынша: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін); осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш; білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат; жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттың анықтамасы; спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен куәландырылған, спортшының соңғы 2 жылдағы жетістіктері көрсетілген санат беру туралы қолдаухат; 6) жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін); осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес ұсыным; спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясы өткізетін төрешілердің семинарынан өткені туралы анықтама; төрешілік туралы анықтама немесе көрсетілетін қызметті алушының төрешілігін растайтын жарыстардың хаттамасы; 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет; "электрондық үкімет" порталына: 1) "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында ұсыныс; спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясының мөрімен және басшысының қолымен расталған электрондық құжат нысанындағы жарыстардың хаттамалары; электрондық құжат нысанындағы 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосурет; 2) "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының спорт шебері" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында ұсыныс; спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясының мөрімен және басшысының қолымен расталған электрондық құжат нысанындағы жарыстардың хаттамалары; электрондық құжат нысанындағы 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосурет; 3) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы; құжаттың электрондық нысанындағы білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат; құжаттың электрондық нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасы немесе еңбек шарты, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтамасы; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы құжаттың электрондық нысанындағы анықтамасы; құжаттың электрондық нысанындағы спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен куәландырылған жарыстардың хаттамалары немесе спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) тізімі; 4) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы; облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның құжаттың электрондық нысанындағы қолдаухаты; құжаттың электрондық нысанындағы кәсіптік білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат; құжаттың электрондық нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасы немесе еңбек шарты, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтамасы; құжаттың электрондық нысанындағы әдістемелік әзірлеме; 5) біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы біліктілік санаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы; құжаттың электрондық нысанындағы білімі туралы диплом немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат; құжаттың электрондық нысанындағы жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасы немесе еңбек шарты, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтамасы; спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен куәландырылған, спортшының соңғы 2 жылдағы жетістіктері көрсетілген санат беру туралы құжаттың электрондық нысанындағы қолдаухат; 6) жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі, ұлттық спорт төрешісі біліктілік санаттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес құжаттың электрондық нысанындағы ұсыныс; спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясы өткізетін төрешілердің семинарынан өткені туралы құжаттың электрондық нысанындағы анықтама; құжаттың электрондық нысанындағы төрешілік туралы анықтама немесе көрсетілетін қызметті алушының төрешілігін растайтын жарыстардың хаттамалары; құжаттың электрондық нысанындағы 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет.
|
|
9.
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері
|
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы; 4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.
|
|
10.
|
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда сұрау салады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім берген кезде дәйектілігін қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен растай отырып, мынадай деректерді көрсетеді: тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық пошта мекенжайы. Цифрлық құжаттар сервисі "eGov mobile" мобильдік қосымшасында авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.
|