"Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау"

 

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2
2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Күнтізбелік 15 (он бес) күн.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі

қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау туралы хат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындауға арналған өтініш;
2) жер учаскесінің бөлінетін бөліктерінің және қолданыстағы құрылыстардың өлшемдері көрсетілген жер учаскесін бөлу схемасы;
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

Дата публикации
10 июля 2024