|
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру" Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: 1) басқа адамның көмегіне мұқтаж және толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмайтын отбасы мүшелерін күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бірге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша көрсетілген отбасы мүшелерін асырауға міндетті азаматтарға; 2) өзінің асырауында анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары) бар азаматтарға; 3) ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемінде екі жыл тәрбиесінде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға; 4) некеде тұрған және бір және одан да көп баласы бар азаматтарға; 5) оқу кезеңінде білім алып жатқан азаматтарға; 6) денсаулық жағдайы бойынша, азаматтарға; 7) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтерге; 8) тиісті білімі бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс істейтін дәрігерлерге; 9) Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттарына; 10) өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе соттар қылмыстық істерін қарап жатқан адамдарға:; 11) азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне; 12) кемелер экипаждарының тиісті білімі бар мүшелеріне; 13) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіби даярлықтан өтіп жатқан адамдарға.
|
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО
|
|
2
|
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері
|
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы
|
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 6 (алты) жұмыс күні
|
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электрондық (толық автоматтандырылған)
|
|
5
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
|
Әскерге шақыру комиссиясының әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру туралы қорытындысы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық
|
|
6
|
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем көлемі және ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Тегін
|
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті берушінің – азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңінде: 1 наурыздан 30 маусымға дейін; 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау күні келесі жұмыс күні болып табылады), тәулік бойы. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz; 2) www.egov.kz порталында орналастырылған.
|
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
1) басқа адамның көмегіне мұқтаж және толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмайтын отбасы мүшелерін күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бірге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша көрсетілген отбасы мүшелерін асырауға міндетті азаматтарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді); әскерге шақырылушының асырауында мынадай отбасы мүшелерінің болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі: әкесі, анасы, әйелі, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған кезде, зейнеткер жасына толған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын атасы мен әжесі; ата-анасы болмаған кезде бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілері, апа-сіңлілері; 2) өзінің асырауында анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары) бар азаматтарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді); қамқоршысы болып табылатыны туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының электрондық көшірмесі (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршы болып танылған азаматтар үшін); 3) ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемінде екі жыл тәрбиесінде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді); қамқоршысы болып табылатыны туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының электрондық көшірмесі; 4) некеде тұрған және бір және одан да көп баласы бар азаматтарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді); 5) оқу кезеңінде білім алып жатқан азаматтарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; білім беру ұйымынан оқып жатқанын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі; 6) денсаулық жағдайы бойынша, азаматтарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; әскерге шақырылушының әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылғандығы туралы аудандық (қалалық) медициналық комиссиясының хаттамалары кітабынан үзіндінің электрондық көшірмесі; 7) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтерге: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі; 8) тиісті білімі бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс істейтін дәрігерлерге: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі; 9) Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттарына: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; депутаттық қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; 10) өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе соттар қылмыстық істерін қарап жатқан адамдарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; оған қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушы туралы анықтау және алдын ала тергеу органдарынан алынған және оған қатысты сот қылмыстық істерін қарап жатқан әскерге шақырылушы туралы соттардан алынған, сондай-ақ оған қатысты үкімнің заңды күшіне енгені туралы анықтаманың электрондық көшірмесі; 11) азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; тиісті білімінің бар болуы туралы белгісі бар жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі; 12) кемелер экипаждарының тиісті білімі бар мүшелеріне: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; тиісті білімінің бар болуы туралы белгісі бар жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі; 13) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіби даярлықтан өтіп жатқан адамдарға: ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш; оқып жатқанын растайтын құқық қорғау органдарының білім беру ұйымынан алынған анықтаманың электрондық көшірмесі. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, баланың (балаларының) туу туралы, зайыбының қайтыс болуы туралы, некеге тұруы туралы құжатының деректері туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы белгі көрсетіледі.
|
|
9
|
ҚР заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз
|
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында және осы қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мәселесі жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің болмауы.
|
|
10
|
Электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
|
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу және мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау кезеңі - 1 наурыздан 30 маусымға дейін және 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал, бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында – ЖАО сайтында, сондай-ақ www. gov4c. kz интернет-ресурсында орналасқан. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
|