Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдардың
2024 жылдың ІІ тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
65 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі. Оның ішінде:
2024 жылдың ІІ тоқсанында облыс бойынша ЖАО 459 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Оның ішінде:
2024 жылдың ІІ тоқсанында ЖАО-мен мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер фактісі орын алмады.
2024 жылдың ІІ тоқсанында қызметті көрсетуден бас тарту фактісі орын алған жоқ, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 21027 халықты қамтыған 9 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізіліп және де қоғамдық кеңестің мүшелерімен 1 отырыс ұйымдастырылды.
Мойынқұм ауданы жергілікті атқарушы органдарының
2024 жылдың ІІ тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын
ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі
Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 1 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп, бұзушылықтар анықталмады.
Бақылау іс-шаралары кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылуының 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің
0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың
0 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 0 фактісі анықталды.
Ішкі бақылау нәтижелері бойынша 1 ұсыныс әзірленіп, толық көлемде орындалды.