Аудандық аппараттық кеңестің
ХАТТАМАСЫ
№ 9
Мойынқұм ауылы 2024 жылғы 04 маусым
Кеңестің төрағасы: С.Төлегенов
Қатысқандар: тізім бойынша
(М.Тулеулиев, Ж.Несіпбаева)
1) Ауыл, ауылдық округ әкімдері тарапынан газет-журналдарға жазылу жұмыстары төмен деңгейде екені атап өтілсін.
Республикалық, аудандық газет-журналдарға жазылу жұмыстары жандандырылсын. Нәтижесі а.ж. 7 маусымында баяндалсын.
2) Ауыл, ауылдық округ әкімдері аудандық «Казпочта» АҚ аудандық бөлімшесімен азаматтардың баспасөз басылымдарына жазылуы бойынша сәйкестендіру жұмыстарын жүргізсін, нәтижесін аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне ұсынсын.
Орындалу мерзімі: 07.06.2024 ж.
(М.Тулеулиев, С.Тынышбеков)
1) Аудан әкімі өкімімен құрылған жұмысшы топ өкілдері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ауыл, ауылдық округтерді аралау кестесін бекітіп, тиісті жұмыстар жүргізсін.
Орындалу мерзімі: 25.06.2024 ж.
2) Ауыл, ауылдық округ әкімдері жұмыс істейтін, алайда сақтандырылмаған азаматтардың тізімін аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынсын.
Орындалу мерзімі: 10.06.2024 ж.
3) Ауыл, ауылдық округ әкімдері қайтыс болған, алайда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тіркеліп тұрған азаматтардың қайтыс болғандығын растайтын анықтамаларын алу жұмыстарын жүргізсін.
Орындалу мерзімі: 01.08.2024 ж.
(С.Төлегенов, Е.Әбілдаев)
1) Биназар ауылдық округі бойынша әскери міндетті азаматтардың тізімін нақтылап ұсынсын.
Орындалу мерзімі: 07.06.2024ж.
2) Әскерге барудың артықшылығы туралы бейнеролик әзірленіп, әлеуметтік желілерге, ауылдың «WhatsApp» мессенджер чаттарына жариялансын.
Орындалу мерзімі: тұрақты.
(С.Төлегенов, Т.Әділбаев)
1) Ауыл, ауылдық округ әкімдері тарапынан берешек көлік салығын өндіру жұмыстары тиісті деңгейде атқарылмай жатқандығы аталып өтсін. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандырып, жоспарға сай орындалуын қамтамасыз етсін.
Орындалу мерзімі: 01.08.2024ж.
2)2024 жылдың І-жартыжылдығының қорытындысы бойынша қаржының жоспарға сәйкес игерілуін қамтамасыз етсін.
Орындамаған мекеме басшылары мен жауапты мамандардың тәртіптік жауапкершілігі қаралатыны ескерілсін.
Орындалу мерзімі: 28.06.2024ж.
( Е.Әмірханов, Қ.Төлеубеков)
Егістік алқаптарына нақты егілген егістік жерлері көлемін аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне ұсынсын.
Орындалу мерзімі: 18.06.2024ж.
Күзгі дала жұмыстарын жүргізу мақсатында шаруа қожалықтары тарапынан арзандытылған дизель отынына электронды өтінім беруге сүйемелдеу жұмыстарын жүргізсін.
Орындалу мерзімі: 18.06.2024ж.
1) «Shagala Mining» ЖШС тарапынан құрылатын 70 жұмыс орындары бойынша салалық басқармамен пысықтау жұмыстарын жүргізсін. Ашылмау қаупі болған жағдайда тиісті шешімдер қабылдасын.
Орындалу мерзімі: 18.06.2024ж.
2) Тиісті мемлекеттік органдар 1-инвест айлық, тоқсандық, жылдықтапсырылған есептердің дәлелдеме құжаттарын аудандық статистика басқармасына ұсынсын.
Орындалу мерзімі: тұрақты.
1) Шығанақ ауылындағы ауылдық клубтың және Мойынқұм ауылындағы кітапхананы реконструкциядан өткізу үшін салалық басқарманың келісімін алсын.
Орындалу мерзімі: 10.06.2024ж.
Республикалық маңызы бар автожолдың екі қапталындағы шашылып жатқан кездейсоқ күл-қоқыстардан тазалау жұмыстарын жүргізсін. Тазалау барысында техникалық қауіпсіздік шараларын сақтасын.
Орындалу мерзімі: тұрақты.
Бөлім тарапынан елді мекендердегі жолдардың шұңқырларын жөндеу жұмыстарының мердігер тарапынан сапалы жүргізілуі қатаң бақылауға алынсын. Сапасы төмен болған жағдайда тиісті шаралар қабылдасын.
Орындалу мерзімі: тұрақты.
Аудандық статистика басқармасының басшысы Б.Жақсымбетов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика туралы Заңының 12.1. және 12.2. баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы түсінік берілгені атап өтілсін.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Төлегенов
|
Е.Әмірханов |
М.Тулеулиев
|
Хаттамалаған
А.Серикова