Аудандық аппараттық кеңестің хаттамасы №9

Аудандық аппараттық кеңестің

ХАТТАМАСЫ

№ 9

 

Мойынқұм ауылы                                                          2024 жылғы  04 маусым

 

Кеңестің төрағасы: С.Төлегенов

Қатысқандар: тізім бойынша

 

  1. Баспасөз басылымдарына жазылу жұмыстарының орындалуы туралы.

(М.Тулеулиев, Ж.Несіпбаева)

 

  1. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі (жинақтаушы), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:

1) Ауыл, ауылдық округ әкімдері тарапынан газет-журналдарға жазылу жұмыстары төмен деңгейде екені атап өтілсін.

Республикалық, аудандық газет-журналдарға жазылу жұмыстары жандандырылсын. Нәтижесі а.ж. 7 маусымында баяндалсын.

  2) Ауыл, ауылдық округ әкімдері аудандық «Казпочта» АҚ аудандық бөлімшесімен азаматтардың баспасөз басылымдарына жазылуы бойынша сәйкестендіру жұмыстарын жүргізсін, нәтижесін аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне ұсынсын.

Орындалу мерзімі: 07.06.2024 ж.

 

  1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстарының барысы туралы.

(М.Тулеулиев, С.Тынышбеков)

 

  1. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (жинақтаушы), аудандық орталық аурухана (келісіммен), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:

1) Аудан әкімі өкімімен құрылған жұмысшы топ өкілдері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ауыл, ауылдық округтерді аралау кестесін бекітіп, тиісті жұмыстар жүргізсін.

Орындалу мерзімі: 25.06.2024 ж.

 

2) Ауыл, ауылдық округ әкімдері жұмыс істейтін, алайда сақтандырылмаған азаматтардың  тізімін  аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынсын.

Орындалу мерзімі: 10.06.2024 ж.

 

3) Ауыл, ауылдық округ әкімдері қайтыс болған, алайда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тіркеліп тұрған азаматтардың қайтыс болғандығын растайтын анықтамаларын алу жұмыстарын жүргізсін.

Орындалу мерзімі: 01.08.2024 ж.

 

  1. 2024 жылға көктемгі әскерге шақыру жұмыстарының қорытындысы туралы.

(С.Төлегенов, Е.Әбілдаев)

 

  1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (жинақтаушы, келісіммен), аудан әкімдігінің ішкі саясат, бөлімі ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:

1)  Биназар ауылдық округі бойынша әскери міндетті азаматтардың тізімін нақтылап ұсынсын.

Орындалу мерзімі: 07.06.2024ж.

2) Әскерге барудың артықшылығы туралы бейнеролик әзірленіп, әлеуметтік желілерге, ауылдың «WhatsApp» мессенджер чаттарына жариялансын.

Орындалу мерзімі: тұрақты.

  

  1. Ауыл және ауылдық округтер бойынша берешек көлік салығының орындалуы туралы.

(С.Төлегенов, Т.Әділбаев)

 

  1. Аудан әкімінің орынбасарлары М.Тулеулиев, Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің қаржы бөлімі (жинақтаушы), аудан әкімдігінің бөлімдері, аудан әкімдігіне қарасты ведомстволық бағынысты мекемелер, ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:

1)  Ауыл, ауылдық округ әкімдері тарапынан берешек көлік салығын өндіру жұмыстары тиісті деңгейде атқарылмай жатқандығы аталып өтсін. Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандырып, жоспарға сай орындалуын қамтамасыз етсін.

Орындалу мерзімі: 01.08.2024ж.

2)2024 жылдың  І-жартыжылдығының қорытындысы бойынша қаржының жоспарға сәйкес игерілуін қамтамасыз етсін.

   Орындамаған мекеме басшылары мен жауапты мамандардың тәртіптік жауапкершілігі қаралатыны ескерілсін. 

Орындалу мерзімі: 28.06.2024ж.

  

  1. Көктемгі дала жұмыстарының жүргізілу барысы туралы.

 (  Е.Әмірханов, Қ.Төлеубеков)

 

  1. Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Төлеубеков (жинақтаушы), Кеңес, Биназар, Бірлік, Қызылтал, Қызылотау ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:

Егістік алқаптарына нақты егілген егістік жерлері көлемін аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне ұсынсын.

Орындалу мерзімі: 18.06.2024ж.

 

  1. Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Төлеубеков (жинақтаушы), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:

Күзгі дала жұмыстарын жүргізу мақсатында шаруа қожалықтары тарапынан арзандытылған дизель отынына электронды өтінім беруге сүйемелдеу жұмыстарын жүргізсін.

Орындалу мерзімі: 18.06.2024ж.

  

  1. Әр түрлі мәселелер

 

  1. Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы А.Абдыразақов (жинақтаушы), заңнама талаптарына сәйкес:

1) «Shagala Mining» ЖШС тарапынан құрылатын 70 жұмыс орындары бойынша салалық басқармамен пысықтау жұмыстарын жүргізсін. Ашылмау қаупі болған жағдайда тиісті шешімдер қабылдасын.

Орындалу мерзімі: 18.06.2024ж.

 

2) Тиісті мемлекеттік органдар 1-инвест айлық, тоқсандық, жылдықтапсырылған есептердің дәлелдеме құжаттарын аудандық статистика басқармасына ұсынсын.

Орындалу мерзімі: тұрақты.

 

  1. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі заңнама талаптарына сәйкес:

1) Шығанақ ауылындағы ауылдық клубтың және Мойынқұм ауылындағы кітапхананы реконструкциядан өткізу үшін салалық басқарманың келісімін алсын.

Орындалу мерзімі: 10.06.2024ж.

 

  1. Аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (жинақтаушы), Кеңес, Бірлік, Биназар,Хантау, Мирный, Шығанақ, Мыңарал, Ақсүйек ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:

Республикалық маңызы бар автожолдың екі қапталындағы шашылып жатқан кездейсоқ күл-қоқыстардан  тазалау  жұмыстарын жүргізсін. Тазалау барысында техникалық қауіпсіздік шараларын сақтасын.

Орындалу мерзімі: тұрақты.

 

  1. Аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (жинақтаушы), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:

             Бөлім тарапынан елді мекендердегі жолдардың шұңқырларын жөндеу жұмыстарының мердігер тарапынан сапалы жүргізілуі қатаң бақылауға алынсын.  Сапасы төмен болған жағдайда тиісті шаралар қабылдасын.

Орындалу мерзімі: тұрақты.

 

  1. Аудандық статистика басқармасы (жинақтаушы, келісіммен), аудан әкімдігінің бөлімдері, ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:

Аудандық статистика басқармасының басшысы Б.Жақсымбетов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика туралы Заңының               12.1. және 12.2. баптарына өзгерістер мен толықтырулар  енгізілгені туралы түсінік берілгені атап өтілсін.

 

 

 

           Аудан әкімінің міндетін атқарушы                                                         С.Төлегенов

 

 

 

 

 

Е.Әмірханов

М.Тулеулиев

 

 

 

 

 

 

Хаттамалаған 

А.Серикова

Аудандық аппараттық кеңестің хаттамасы №9
Дата публикации
06 июня 2024