Аудандық аппараттық кеңестің
ХАТТАМАСЫ
№ 8
Мойынқұм ауылы 2024 жылғы 16 мамыр
Кеңестің төрағасы: С.Төлегенов
Қатысқандар: тізім бойынша
(Е.Әмірханов, Д.Алтамашев)
1) Мойынқұм ауданы бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан 14 елді мекен (Айдарлы, Бірлік, Биназар, А.Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай, Құмөзек, Қарабөгет, Сарыөзек, Ұланбел және кіші Қамқалы) кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын мерзімінде аяқтасын.
Орындалу мерзімі: 01.09.2024ж.
2) Ақсүйек ауылының әкімі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын мерзімінде аяқтасын.
Орындалу мерзімі: 01.09.2024ж.
(М.Тулеулиев, А.Төребек)
2.1. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі (жинақтаушы), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:
1) Ауыл, ауылдық округ әкімдері елді мекендегі білім, денсаулық, мәдениет мекемелеріне бөлінген газет-журналдарға жазылу бөлінісін аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне ұсынсын.
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі ұсынылған газет-журналдарға жазылу бөлінісін жоғарыда аталған мекемелердің аудандық басшылығының назарына жеткізсін.
Орындалу мерзімі: 01.07.2024ж.
2) 2024 жылдың ІІ-жартыжылдығына мерзімді газет, журналдарға жазылу (келісіммен) жұмыстарын жандандырсын.
Орындалу мерзімі: 01.07.2024ж.
(М.Тулеулиев, М.Ещанова)
3.1. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (жинақтаушы), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:
Міндетті әлеуметтік медицина бойынша сақтандырылмағандар тізіміндегі қайтыс болған азаматтардың «қайтыс болғандығын растайтын» анықтамаларын аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынсын.
Орындалу мерзімі: 01.06.2024ж.
(Е.Ақбергенов)
4.1 Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (жинақтаушы), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:
1) Аудандық қорғаныс істері бөлімі көктемгі әскери міндеттілердің тізімін нақтылап, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне қайта ұсынсын.
Орындалу мерзімі: 21.05.2024ж.
2) Аудандық қорғаныс істері бөлімі әскерге шақыру бойынша ауыл, ауылдық округтер бөлінісінде аралау кестесін бекітіп, орындалуы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына ұсынсын.
Орындалу мерзімі: 25.05.2024ж.
( Т.Әділбаев)
5.1 Аудан әкімдігінің қаржы бөлімі (жинақтаушы), аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі заңнама талаптарына сәйкес:
Республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттердің ай сайынғы жоспарына сәйкес, ауданның қолма қол ақшасын бақылау шотына түскеннен кейін, аудан әкімдігінің қаржы бөлімімен келісе отырып, тиісті кассалық операция жүргізсін.
Орындалу мерзімі: тұрақты.
5.2 Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі заңнама талаптарына сәйкес:
Аудан аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарына сәйкес ауылдық елді мекендердегі жайылымдық жерді ұлғайту жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен қойылған қаржы мамыр айының соңына дейін мемлекеттік сатып алу порталына салынсын.
Орындалу мерзімі: 24.05.2024ж.
6.Орындаушылық тәртіп туралы
( Н.Қазақбайұлы)
6.1. Аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Қазақбайұлы заңнама талаптарына сәйкес:
Жамбыл облысы әкімі аппаратының 2024 жылғы 26-27 наурыз аралығындағы зерделеу жұмысы барысында анықталған кемшіліктерді уақытылы ретке келтірмегені үшін аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Қ.Төлеубековтың, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Т.Үсенбаевтың, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысы Т.Жаманқұловтың, Ұланбел ауылдық округі әкімі Е.Абасовтың, Биназар ауылдық округі әкімі Қ.Атаевтың, Қарабөгет ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Н.Баянбайдың тәртіп жауапкершілігі қаралсын.
Орындалу мерзімі: 21.05.2024ж.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Төлегенов
|
Е.Әмірханов |
М.Тулеулиев
|
Хаттамалаған
А.Серикова