Протокол районного аппаратного совета №7

Аудандық аппараттық кеңестің

ХАТТАМАСЫ

№ 7

 Мойынқұм ауылы                                                                 2024 жылғы 30 сәуір

 

Кеңестің төрағасы: С.Төлегенов

Қатысқандар: тізім бойынша

 

  1. Мамыр айында өтетін мерекелік іс-шаралар туралы

(М.Тулеулиев, Ж.Несіпбаева)

 

  1. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі (жинақтаушы), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:
  • Мамыр айына жоспарланған мерекелік іс-шаралар тиісті деңгейде ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерге жариялансын. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі атқарылған іс-шаралардың нәтижесін аудан әкімі аппаратына ұсынсын.

Орындалу мерзімі: 13.05.2024ж.

  • Ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының әлеуметтік желіге жауапты мамандары жұмыстарын жандандырсын.

Орындалу мерзімі: тұрақты.

  • Мамыр айында өтетін мерекелерге арналған көрнекілік ақпарат құралдарының (билборд) толық  ілінуін қамтамасыз етсін.

Орындалу мерзімі: 13.05.2024ж.

1.2. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі (жинақтаушы), аудандық жастар ресурстық орталығы заңнама талаптарына сәйкес:

1) Жастар ресурстық орталығы мекемесі ғимаратының алдына абаттандыру жұмыстарын жүргізсін. Нәтижесін аудан әкімі аппаратына ұсынсын.

 Орындалу мерзімі: мамыр айы ішінде.

 

  1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстарының барысы туралы

(М.Тулеулиев, С.Тынышбеков)

 

2.1. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев,  аудан әкімдігінің  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (жинақтаушы), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:

1) Аудан әкімдігінің  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан ауыл, ауылдық округ әкімдеріне ұсынылған сақтандырылмаған азаматтардың тізімін пысықтап, аудан әкімдігінің  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қайта ұсынсын.

Орындалу мерзімі: 10.05.2024ж.

  1. 2024 жылға көктемгі әскерге шақыру жұмыстарының барысы туралы

(С.Төлегенов, Е.Әділбаев)

 

           3.1. Аудан әкімінің орынбасары С.Төлегенов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі  (келісіммен, жинақтаушы), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:

Ауыл, ауылдық округ әкімдері аудандық қорғаныс істері бөлімімен бірлесіп, 2024 жылдың көктемгі әскерге шақыру жоспарын толық орындасын. Аудандық қорғаныс істері бөлімі тапсырманы мерзімінде орындамаған ауылдар бойынша қызметтік жазба ұсынсын.

Орындалу мерзімі: 03.04.2024ж.

 

  1. 2024 жылғы мал санағы жұмыстарының жүргізілу барысы туралы

 (Е.Әмірханов, Қ.Төлеубеков)

 

4.1 Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің  ауыл шаруашылығы бөлімі (жинақтаушы), аудандық статистика басқармасы, аудандық ветеринариялық стансасы, ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:

Бірлесіп мал санын сәйкестендіру жұмыстарын жүргізсін.  

Орындалу мерзімі: 01.07.2024ж.

  

  1. Әр түрлі мәселелер

( Е.Әмірханов, М.Тулеулиев)

 

5.1 Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі заңнама талаптарына сәйкес:

 «Ұлттық жоба» аясында 2024 жылы іске асырылатын «Shagala Mining» инвестициялық жобасының нақты ашылуы немесе ашылмауы бойынша тиісті басқармамен жұмыстар жүргізсін. Нәтижесі аудан әкімі аппаратына баяндалсын.

Орындалу мерзімі: 13.05.2024ж.

 

5.2. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев,  аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі заңнама талаптарына сәйкес:

«Ұлттық жоба» аясында Айдарлы ауылында құрылысы жүріп жатқан 90 орындық клубқа қамтылатын жұмысшылардың нақты санын тиісті басқармамен бірлесіп, пысықтасын. Нәтижесі аудан әкімі аппаратына баяндалсын.

Орындалу мерзімі:  10.05.2024ж.

 

6.Орындаушылық тәртіп туралы

( Н.Қазақбайұлы)

 

           6.1. Аудан әкімі  аппаратының басшысы Н.Қазақбайұлы заңнама талаптарына сәйкес:

           1) Наурыз мерекесін өз деңгейінде атап өтпегені үшін Ақбақай ауылының әкімі М.Белгімбаевтің тәртіптік жауапкершілігі қаралсын.

 Орындалу мерзімі: 02.05.2024ж.

           2) А.ж 2 сәуіріндегі №5 хаттамасының 7.1.1 және 7.1.2 тармақтарын орындамағаны үшін Қарабөгет, Мыңарал ауылдық округі әкімдерінің тәртіптік жауапкершілігі қаралсын.

 Орындалу мерзімі: 02.05.2024ж.

 

 

           Аудан әкімінің міндетін атқарушы                                                               С.Төлегенов

 

 

 

 

Е.Әмірханов                          

М.Тулеулиев

 

 

 

 

 

 

 

 

Хаттамалаған 

А.Серикова

Протокол районного аппаратного совета №7
Дата публикации
06 июня 2024