Протокол районного аппаратного совета №6

Аудандық аппараттық кеңестің

ХАТТАМАСЫ

№ 6

 

Мойынқұм ауылы                                                        2024 жылғы 16 сәуір

 

Кеңестің төрағасы: Ә.Балқыбеков

Қатысқандар: тізім бойынша

 

  1. 2024 жылғы көктемгі егіс-дала жұмыстарыныңорындалу барысы туралы

 (Е.Әмірханов, Қ.Төлеубеков)

 

  1. Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі (жинақтаушы), «Қазсушар» РМКА аудандық бөлімшесі, Кеңес, Биназар, Бірлік, Қызылтал, Қызылотау ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:
  • Егінмен айналысатын шаруалармен жеке кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ағын су бойынша келісім шартқа отырудың тиімділігін түсіндірсін.

Орындалу мерзімі: 1.06.2024ж.

  • Ағын су бойынша шаруа қожалықтарымен жоспарға сәйкес келісім шартқа отыру жұмыстарын толық аяқтасын, орындалуы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына ұсынсын.

Орындалу мерзімі: 2.06.2024ж.

 

1.2. Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов,  аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі (жинақтаушы), Кеңес, Биназар, Бірлік, Қызылтал, Қызылотау, Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай, Қарабөгет, Ұланбел ауылдық округі әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:

1) Көктем мезгіліндегі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының сапалы әрі уақытылы жүргізілуін қамтамасыз етсін.

 Орындалу мерзімі: тұрақты.

 

  1. 2024 жылдың II-жартыжылдығына баспасөз басылымдарына (газет, журналдар) жазылу туралы.

 (М.Тулеулиев, Ж.Несіпбаева)

2.1. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев,  аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі (жинақтаушы), аудандық білім бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық орталық аурухана, аудандық пошта торабы, ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:

1) Ауыл, ауылдық округтерге, ауданаралық мекемелерге (келісімдерімен) 2024 жылдың II-жартыжылдығына баспасөз басылымдарына жазылу бөлінісі әзірленіп, таратылсын.

Орындалу мерзімі: 19.04.2024ж.

2) Ауыл, ауылдық округ әкімдері 2024 жылдың II-жартыжылдығына баспасөз басылымдарына жазылу бөлінісінің орындалуын қамтамасыз етсін.

Орындалу мерзімі: 15.05.2024ж.

3) Баспасөз басылымдарына жазылу жұмыстарына аудандық білім бөлімі, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық орталық аурухана  (келісімдерімен) тарапынан қолдау көрсету жұмыстары жүргізсілсін.

Орындалу мерзімі: 15.05.2024ж.

4) Баспасөз басылымдарына жазылу барысы туралы ақпарат апта сайын аудан әкімі аппаратына ұсынылсын.

Орындалу мерзімі:  апта сайын

 

2.2. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев,  аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі (жинақтаушы), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:

1) Халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігі туралы билборд, баннер ілсін, әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізсін.

Орындалу мерзімі: 1.05.2024ж.

  

  1. Аудандық ономастика жұмыстарыныңжұмыс барысы туралы.

(М.Тулеулиев, М.Мұқашев)

 

           3.1. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (жинақтаушы), аудандық білім бөлімі, Мирный, Ақсүйек, Ақбақай ауыл әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:

1) Мирный ауылында орналасқан В.Терешкова орта  мектебінің және Ақсүйек ауылында орналасқан №1 орта мектебінің атауын өзгерту бойынша ұсыныс  енгізсін.

Орындалу мерзімі: жыл соңына дейін.

2) Мирный ауылының атауын өзгерту бойынша ұсыныс енгізсін.

Орындалу мерзімі: жыл соңына дейін.

3) Ақбақай ауылында орналасқан Шахтерская және Фабричная көшелерінің атауын өзгерту бойынша ұсыныс енгізсін.

Орындалу мерзімі: жыл соңына дейін.

 

3.2. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (жинақтаушы), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:

1) Ауыл, ауылдық округтерде әр көшенің басына белгі (табличка) орнату үшін қажетті қаржы көзін есептеп, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне ұсынсын.

Орындалу мерзімі: 22.04.2024ж.

  

  1. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыстарының барысы туралы.

(М.Тулеулиев, С.Тынышбеков)

 

4.1 Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев, аудан әкімдігінің  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (жинақтаушы), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:

1) Ауыл, ауылдық округ әкімдері сақтандырылмаған азаматтарды санаттарға бөліп, тізім ұсынсын.

Орындалу мерзімі: 19.04.2024ж.

 

  1. 2023 жылы және 2024 жылдың 3 айында атқарылған және жоспарланған жұмыстар туралы.

(С.Төлегенов, Е.Әмірханов, М.Тулеулиев, Ж.Қуантаев)

 

5.1 Аудан әкімінің орынбасары С.Төлегенов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (жинақтаушы), Қызылотау ауылдық округінің әкімі заңнама талаптарына сәйкес:

  • Түнгі көше жарық шамдарының уақытылы қосылып-өшірілуін бақылауға алсын.

Орындалу мерзімі: тұрақты.

  • Күшаман ауылындағы ауылдық округ әкімі аппаратына жапсарлас салынған ауылдық клубқа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне сұраныс ұсынсын.

Орындалу мерзімі: 26.04.2024ж.

 

5.2 Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі (жинақтаушы), Қызылотау ауылдық округі әкімі заңнама талаптарына сәйкес:

1) Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды үстеме ақысын             15%-дан асырған жеке кәсіпкерлерге тиісті шаралар қабылдасын.  

Орындалу мерзімі: 1.06.2024ж.

 

  1. 2023 жылы және 2024 жылдың 3 айында атқарылған және жоспарланған жұмыстар туралы.

 (С.Төлегенов, Е.Әмірханов, Ж.Айдаркулов)

 

6.1 Аудан әкімінің орынбасары С.Төлегенов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (жинақтаушы), Қызылтал ауылдық округінің әкімі заңнама талаптарына сәйкес:

1) Қызылтал ауылдық округіндегі кіре беріс арканы сырлау жұмыстарын сапалы түрде жүргізсін.

Орындалу мерзімі: 23.04.2024ж.

2) Көкжелек ауылындағы К.Сырғабаев, Ж.Жабаев, Т.Смағулов, Т.Әубәкіров  көшелерінің жолдарын жөндеу жұмыстары сапалы жүргізілуі және мерзімінде аяқталуы бақылауға алынсын.

Орындалу мерзімі: тұрақты.

  3) Көкжелек ауылындағы Ә.Айнақұлов, Т.Әбдірайымов және Көкжелек көшелеріне шағал тас төсеу жұмыстары сапалы және мерзімінде аяқталуы бақылауға алынсын.

Орындалу мерзімі: тұрақты.

  

7.Орындаушылық тәртіп туралы.

(М.Тулеулиев, Н.Қазақбайұлы, С.Тынышбеков)

 

           7.1. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев, аудан әкімі  аппаратының басшысы Н.Қазақбайұлы, аудан әкімдігінің  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы С.Тынышбеков заңнама талаптарына сәйкес:

           1) Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берілген тапсырманы мерзімінде орындамаған Биназар, Бірлік, Мойынқұм, Қарабөгет ауылдық округтері бойынша қызметтік хат ұсынылсын, тиісті шара қабылдансын.

 Орындалу мерзімі: 19.04.2024ж.

 

 

Аудан әкімі                                           Ә.Балқыбеков

 

 

 

 

 

 

С.Төлегенов

Е.Әмірханов

М.Тулеулиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хаттамалаған 

А.Серикова

Протокол районного аппаратного совета №6
Дата публикации
06 июня 2024