Аудандық аппараттық кеңестің
ХАТТАМАСЫ
№ 5
Мойынқұм ауылы 2024 жылғы 2 сәуір
Кеңестің төрағасы: Ә.Балқыбеков
Қатысқандар: тізім бойынша
(С.Төлегенов, Т.Үсенбаев)
Орындалу мерзімі: 30.04.2024ж.
Орындалу мерзімі: тұрақты.
(С.Төлегенов, Т.Үсенбаев)
2.1. Аудан әкімінің орынбасары С.Төлегенов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (жинақтаушы), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:
1) Аудан тұрғындарының ауыз су төлемдері бойынша аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ауыл, ауылдық округтер бөлінісінде төлем жасау кестесін бекітіп, орындалуы туралы ақпаратты апта сайын аудан әкімі аппаратына ұсынсын.
Орындалу мерзімі: 08.04.2024ж.
(М.Тулеулиев, С.Тынышбеков)
3.1. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (жинақтаушы), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:
Орындалу мерзімі: 05.04.2024ж.
Орындалу мерзімі: 03.04.2024ж.
Орындалу мерзімі: ақпаратты апта сайын ұсыну.
(М.Тулеулиев, Е.Кеншімов)
4.1. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев, аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (жинақтаушы), заңнама талаптарына сәйкес:
1) Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, Вирусты «А» гепатитінің алдын алуға арналған вакцинасын сатып алуға қажетті қаржы көзін қарастыру заңдылығын ұсынсын.
Орындалу мерзімі: 15.04.2024ж.
(М.Тулеулиев, Ж.Несіпбаева)
5.1. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі (жинақтаушы), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:
1) Наурыз мерекесін тиісті деңгейде атап өтпеген Хантау, Мирный, Қылышбай және Жамбыл ауыл, ауылдық округтері ағымдағы жылдың сәуір айында жоғары деңгейде қайта атап өтсін.
Орындалу мерзімі: сәуір айының соңына дейін.
2) Елді мекендерде әлеуметтік желілер мен ресми сайттарының жұмыстарын, ақпараттандыру шараларын көбейтсін. Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарының әлеуметтік желілері мен ресми сайттарының жарияланымдарына талдау жұмыстарын жүргізіп, ақпарат ұсынсын.
Орындалу мерзімі: ай сайын
3) Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен аудан әкімдігінің әлеуметтік желілеріне жарияланған материалдар аудан әкімдігінің ресми сайтына да тұрақты түрде жариялансын.
Орындалу мерзімі: ай сайын.
(Н.Қазақбайұлы)
6.1. Аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Қазақбайұлы заңнама талаптарына сәйкес:
1) Наурыз мерекесін жоғары деңгейде атап өту мақсатында бекітілген бөлініске сәйкес ауылға бармағаны үшін аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары А.Абдразахов пен М.Қалдыбековке тиісті шара қабылдансын.
Орындалу мерзімі: 05.04.2024ж.
2) Қызылотау ауылдық округі әкімінің 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында атқарылған жұмыстары бойынша баяндамасы сапасыз болуына байланысты тиісті шара қабылдансын.
Келесі аудандық аппараттық кеңестің күн тәртібіне қайта енгізілсін.
Орындалу мерзімі: 05.04.2024ж.
3) Алдағы өтетеін аудандық аппараттық кеңестің күн тәртібіндегі бөлімдер мен мекемелер анықтамамен бірге слайд (презентация) міндетті түрде ұсынсын.
Орындалу мерзімі: тұрақты
(М.Тулеулиев, Б.Қалымбетова)
7.1. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев, аудандық Мансап орталығы (келісіммен, жинақтаушы), Қарабөгет, Мыңарал ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:
1) «Ұлттық жоба» аясында мердігерлері анықталған Қарабөгет ауылындағы А.Байтұрсынов мектебі және Мыңарал ауылдық округіндегі К.Қасымов орта мектебінің құрылыс жұмысына жергілікті жерден 10 азаматты (Қарабөгет 5 азамат, Мыңарал 5 азамат) бос жұмыс орнына қамту жұмыстарын аяқтасын.
Орындалу мерзімі: 09.04.2024ж.
2) «Ұлттық жоба» аясында мердігерлері анықталған Мыңарал ауылындағы Р.Садықов және С.Сейфуллин көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарына жергілікті жерден 5 азаматты қамту жұмыстарын аяқтасын.
Орындалу мерзімі: 09.04.2024ж.
Осы хаттаманың орындалуын бақылау тиісті аудан әкімінің орынбасарларына және аудан әкімінің аппаратына жүктелсін.
Аудан әкімі Ә.Балқыбеков
|
С.Төлегенов |
Е.Әмірханов |
М.Тулеулиев
|
Хаттамалаған
А.Серикова