Аудандық аппараттық кеңестің
ХАТТАМАСЫ
№ 4
Мойынқұм ауылы 2024 жылғы 4 наурыз
Кеңестің төрағасы: Ә.Балқыбеков
Қатысқандар: тізім бойынша
(С.Төлегенов, Т.Үсенбаев)
Орындалу мерзімі: 12.03.2024 жыл.
Орындалу мерзімі: тұрақты.
1.2. Аудан әкімінің орынбасары С.Төлегенов, аудан әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (жинақтаушы), аудан әкімдігінің бөлімдері, ведомстволық бағынысты мекемелер (келісіммен), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:
1) Көктемгі екі айлық сенбілік жұмыстары кезінде мекеме басшылары сенбілік жұмыстардың өтуі бойынша жеке дара қатысып, басшылыққа алсын.
Орындалу мерзімі: тұрақты.
(М.Тулеулиев, Ж.Несіпбаева)
2.1. Аудан әкімінің орынбасарлары С.Төлегенов, Е.Әмірханов, М.Тулеулиев, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі (жинақтаушы), аудандық полиция бөлімі (келісіммен), аудан әкімдігінің бөлімдері, ведомстволық бағынысты мекемелер, ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:
1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі бекітілген жоспарға сәйкес тиісті деңгейде аталып өтсін.
Орындалу мерзімі: 2024 жылдың наурыз айы.
2) Аудандық полиция бөлімі мерекелік демалыс күндері қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
Орындалу мерзімі: 2024 жылдың наурыз айы.
3) Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі үйлестіруші ретінде аудандық аппараттық кеңестің күн тәртібіне 22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні мерекесінің аталып өтуін енгізсін.
Орындалу мерзімі: 2024 жылдың наурыз айы.
2.2. Аудан әкімінің орынбасары М.Тулеулиев, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі (жинақтаушы), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:
Ауыл, ауылдық округтердегі ақпараттық-көрнекілік тақтайшаларды (билборд) жандандыру жұмыстарын жүргізсін.
Орындалу мерзімі: 01.04.2024 жыл.
(Е.Әмірханов, А.Абдразақов)
3.1. Аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі (жинақтаушы), ауыл, ауылдық округ әкімдері заңнама талаптарына сәйкес:
Орындалу мерзімі: тұрақты.
2) Сауда үстеме ақысын 15%-дан асыру фактісі орын алған жағдайда қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдансын.
Орындалу мерзімі: тұрақты.
3.2. Аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Қазақбайұлы заңнама талаптарына сәйкес:
1) Аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы
А.Абдразаховқа ауызша түрде ескерту берілсін.
2) Аудан әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерімен құрылған комиссия мүшелерінің құрамын уақытылы жандандырмаған тиісті мекеме басшыларына қызметтік хат ұсынсын.
Орындалу мерзімі: 05.03.2024жыл.
3) Аппараттық кеңестердің күн тәртібіне ауыл, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларының, ведомстволық бағынысты мекемелердің атқарылған жұмыстары туралы есебін енгізсін.
Орындалу мерзімі: 12.03.2024жыл .
Осы хаттаманың орындалуын бақылау тиісті аудан әкімінің орынбасарларына және аудан әкімінің аппаратына жүктелсін.
Аудан әкімі Ә.Балқыбеков
|
С.Төлегенов |
Е.Әмірханов |
М.Тулеулиев
|
Хаттамалаған
Т.Мұсахан