2024 жылғы 2 маусымда өткен Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 2 маусымда өткен Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 816 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 582 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 34 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Қарабөгет ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Қарабөгет ауылдық округі бойынша:
Асанбаев Сарсен Ерманатович үшін сайлаушылардың 42 дауысы берілді,
Сатыбалдиев Багдат Ашимханович үшін сайлаушылардың 495дауысы берілді.
Смагулов Муратбек Ерманатович үшін сайлаушылардың 34 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 4.
Сайлау қорытындыларымен: Қарабөгет ауылдық округінің әкімі болып Сатыбалдиев Багдат Ашимханович сайланды. 1973 жылы туған, Қарабөгет ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Құмөзек ауылының тұрғыны.
Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы