"Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру"  мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

"Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру"  мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2
2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаулысы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш;
2) іздестіру жұмыстарын жүргізу учаскесі жоспарының (схемасының) электрондық көшірмесі;
3) іздестіру жұмыстарын орындауға арналған тапсырманың электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.



"Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру"  мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі
Дата публикации
29 мая 2024