«Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Мойынқұм аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы №12-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

                                                                                                                           ЖОБА

 

 

«Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Мойынқұм аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы №12-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

            Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Мойынқұм аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы №12-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5133 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1.1. көрсетілген шешімінің қосымшасындағы 1- тараудың 2) тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда  жазылсын:

«1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;».

1.2. 2-тараудың 9) тармағының тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

«қатерлі ісік ауруы бар науқастарға  ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып, жылына бір рет жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;          

 бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде, кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болған, табысы үш күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда, арнайы комиссияның анықтауымен он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде;

 табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне нұқсан келтіруге байланысты әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы 20 (жиырма) еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда, бір рет 300 (үш жүз) айлық есептік көрсеткіштен кем емес, әлеуметтік көмекке жүгіну табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап алты ай мерзімде жүргізіледі;

 әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі  екі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда, жылына бір рет 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

 санаторий- курорттық емделуге әлеуметтік көмек, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен еңбек ардагерлеріне және жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлерге Қазақстан Республикасының аумағында санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу үшін, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген деңгейінен аспайтын, санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды растайтын құжаттарды жол шығыны төлемінсіз ұсынған жағдайда, жылына бір рет, қырық бес (45) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;

тұрғын үйді газдандыруға бір рет әлеуметтік көмек, отбасының жан басына шаққандағы табысы 3 (үш еселік) ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын газдандыруға жататын жергілікті жеке тұрғын үйде тұратын, оларда және отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда, жеке меншік иесі немесе жеке меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, көп балалы аналарға және көп балалы отбасыларға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жетім баланың (жетім балалардың) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) қамқоршыларына немесе қорғаншыларына жүргізіледі.

Әлеуметтік көмектің көлемі бір рет жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын газ құбырын орнатуға және жүргізуге байланысты өтініш берушінің нақты шығындарының негізінде анықталады. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының 13-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша газ құбырын орнату және жүргізуге байланысты болған шығыстарын растайтын акт және/немесе құжат (чектердің, түбіртектердің көшірмелері, қызметтерді көрсетуге арналған шарт) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының болмауы (болуы) туралы анықтама қоса беріледі;

        мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қызметтер порталы арқылы таңдаған санаторий-курорттық емделуге барған 1-топтағы мүгедектігі бар адамдардың жанына ілесіп жүретін адамдардың біріне және мүгедектігі бар баланы санаторий-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдерінің біріне, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, жылына бір рет санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде көрсетіледі.

         Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді және  Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының 13-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне қосымша, 1-топтағы мүгедектігі бар адамды санаторий-курорттық емделуге алып жүруге байланысты болған шығыстарды растайтын құжаттар қоса беріледі. Алып жүрушінің жол жүру шығыстарын төлеу еріп жүрушінің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Біржолғы әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі, жағдай туындаған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей жасалады.           

          Ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініштері бойынша адамдардың келесі санаттарына көрсетіледі:

          туберкулезбен ауыратын адамдарға, балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы бес еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда ай сайын он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

         адамның вирустық иммун тапшылығын (АИТВ) жұқтырған және диспансерлік есепте тұрған балалардың немесе АИТВ-мен ауыратын балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы бес еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда ай сайын отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;  

       байланыс қызметі (абоненттік төлем) мен табиғи газ төлемі шығындарын өтеп беруге ай сайынғы әлеуметтік көмек, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің он еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі».    

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

       Мойынқұм аудандық мәслихатының  төрағасы                                                    Н.Саурыков

«Мойынқұм ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Мойынқұм аудандық мәслихатының 2023 жылғы 7 желтоқсандағы №12-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
27 мая 2024