Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2023 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп  

 

  ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдары 52 қызмет түрін, кіші түрімен қоса алғанда 97 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 22,4%-ын құрайды (1324). Оның ішінде:

            - 47 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы;

            - 3 қызмет қағаз түрінде;

            - 47 қызмет электрондық түрде көрсетіледі.

         2023 жылдың 12 айында ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 4113 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

            - электронды түрде – 1461 қызмет (35,5 %).

            - қағаз түрінде – 79 қызмет (1,9%);

            - қағаз түрінде (баламалы) – 2578 қызмет (62,6%)

         2022 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 1269-ға көбейді (2022 жылы 2844 қызмет көрсетілген).

         2023 жылдың қорытындысы бойынша 6 мемлекеттік қызметтердің мерзімі бұзылып көрсетілген. Жіберілген бұзушылықтар үшін 2 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 2 мемлекеттік қызметшіге әкімшілік айыппұлдар салынды.

         Есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдары бекітілген жоспарларға сәйкес 8 ішкі бақылау іс-шараларын өткізді.

         Іс-шаралар қорытындысы бойынша 0 бұзушылық анықталды:

         - мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзудың 0 фактісі;

            - мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 0 фактісі;

            - мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 0 фактісі;

            - мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 0 фактісі;

            - мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелсіз бас тарту 0 фактісі;

            - мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 0 фактісі.

         Ішкі бақылау нәтижелері бойынша 4 ұсыным әзірленіп толығымен орындалды.

         2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың  фактілері тіркелген жоқ.

         2023 жылы «Жаңа шабыт» Республикалық қоғамдық бірлестігі Агенттік орналастырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде халықтың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін айқындау мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді. Оның нәтижелері бойынша облыстың ЖАО-ның мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 67,3 % құрады.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу мақсатында облыс әкімі аппартының басшысымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары, Қоғамдық мониторинг нәтижелерімен анықталған кемшіліктерді жою және ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процессін (тәртібін) бұзу, қызмет нәтижесін заңсыз беру (ақпараттардың, құжаттардың дұрыс болмаған жағдайында, біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі), құжаттар топтамасы толық болмағанда қызмет нәтижесін ұсыну фактілеріне талдау негізінде мемлекеттік органдарға құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары, Жамбыл облысы аумағында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағида талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды тұрғындар арасында түсіндіру, БАҚ арқылы ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспары, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заң бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыс жүргізілді.

         Облыстық, қалалық, аудандық деңгейлерде түсіндіру, оқыту және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.

         Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2023 жылы 149 856 халықты қамтылған 36 іс-шара ұйымдастырылды (мақалалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер, онлайн жәрмеңке, бейнероликтер).

         Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2023 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп  
Дата публикации
22 мая 2024