Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округі әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Мойынқұм ауданында 2024 жылғы 2 маусымға Қарабөгет ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 2 маусымға тағайындалған Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Мойынқұм таңы" газетінде жариялансын.

 

 

Комиссия төрағасы                                                   С. Садуакасов

 

 

Комиссия хатшысы                                                    Е. Жұмаділдә

 

 

 

 

Мойынқұм ауылы

2024 жылғы 24 сәуір

№ 17

Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
24 апреля 2024