2023 – 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ: 1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 -қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: кірістер –9 268 894 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 1 599 414 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 13 465 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 33 000 мың теңге; трансферттер түсімі – 7 623 015 мың теңге; шығындар – 9 268 894 мың теңге; таза бюджеттік кредиттеу – 61 818 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер – 110 268 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 48 450 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін - 0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -61 818 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 61 818 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсімі – 110 268 мың теңге; қарыздарды өтеу – 48 450 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 мың теңге. 2. 2023 жылға жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық түсімдерінің бөлу нормативтері ауданының бюджетіне 30 пайыз мөлшерінде белгіленсін. 3.2023 жылға корпоративтік табыс салығы түсімдерінің бөлу нормативтері ауданының бюджетіне 70 пайыз мөлшерінде белгіленсін. 4. 2023 жылға облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция мөлшері 6 458 661 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде: Мойынқұм ауылдық округіне – 84434 мың теңге; Бірлік ауылдық округіне – 39284 мың теңге; Кеңес ауылдық округіне – 37889 мың теңге; Шығанақ ауылдық округіне- 60145 мың теңге; Ұланбел ауылдық округіне – 31526мың теңге; Қарабөгет ауылдық округіне -46399 мың теңге; Қылышбай ауылдық округіне –26511 мың теңге; Жамбыл ауылдық округіне- 30809 мың теңге; Қызылотау ауылдық округіне – 29340 мың теңге; Қызылтал ауылдық округіне -30229 мың теңге; Биназар ауылдық округіне –30911 мың теңге; Хантау ауылдық округіне- 30658 мың теңге; Мирный ауылдық округіне – 36349мың теңге; Ақбақай ауылдық округіне -21655 мың теңге; Ақсүйек ауылдық округіне –32379 мың теңге; Мыңарал ауылдық округіне- 36919 мың теңге. 5. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округ бюджеттеріне облыстық бюджет қаржысы берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінуі Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады. 6. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округ бюджеттеріне аудандық бюджет қаржысы есебінен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінуі Мойынқұм ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады. 7. 2023 жылғы аудандық жергілікті атқарушы органның резерві 34125 мың теңге мөлшерінде бекітілсін. 8. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың аумақтың экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар, өнеркәсіп салаларын, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамыту, аумақтық құрылыс, жер учаскесін сатып алу туралы жобаларын қарау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 9. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Лауазымы Аты-жөні