Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабары

Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабары

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-5 – бабы, 9 тармағына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округіне әкімідікке «AMANAT» партиясы және өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды:

 

Мыңарал ауылдық округіне Аманжолов Тлеш Есимович, 1978 жылы туылған, уақытша жұмыссыз, Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

Мыңарал ауылдық округіне Жумагулов Темирхан Адилханович, 1979  жылы туылған, Мойынқұм ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

Мыңарал ауылдық округіне Садуов Жандос Адилханович, 1985 жылы туылған, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

Мыңарал ауылдық округіне Сарчукенов Парасат Талгатович, 1984   жылы туылған, Мойынқұм ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының әдіскері, Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.

 

 Мойынқұм аудандық  сайлау комиссиясы

Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабары
Дата публикации
22 января 2024