Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Мойынқұм ауданында 2024 жылғы 11 ақпанға Мыңарал ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын:
- 2024 жылғы 11 ақпанға тағайындалған Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшсына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Мойынқұм таңы" газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы С.Садуакасов
Комиссия хатшысы Ғ.Қалыбеков