«Мойынқұм ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындау туралы» Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы №60-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мойынқұм аудандық мәслихатының шешімінің 2 қосымшасында:
Пикеттеуді өткізу тәртібінің үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Пикеттеу барысында:
1) (бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды
қоспағанда) бір жерде, бір уақытта бір объектіде екі және одан көп пикеттерді
өткізуге;
2) дыбыс күшейткіш құралдарды пайдалануға;
3)пикеттеуге тыйым салынған іргелес нысан аумағынан 800 метр
қашықтықта пикеттеу жүргізуге жол берілмейді».
Аудандық мәслихат төрағасы Н.Саурықов