Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2023 жылдың
I тоқсан бойынша қысқаша есебі
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығы негізінде, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес аудандық жергілікті атқарушы органдарымен 58 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін, кіші түрімен қоса алғанда 125 қызмет түрін көрсетеді.
2023 жылдың I тоқсанында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 58 қызмет түрі бойынша барлығы 1933 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:.
электрондық түрде – 478 қызмет (24,8 %);
қағаз түрінде – 52 қызмет (2,7 %);
қағаз түрінде (баламалы) – 1403 қызмет (72,5 %);
2023 жылдың I тоқсанында ЖАО-мен қызметті көрсетуден бас тарту 0 фактісі, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзім бұзылу 1 фактісі орын алды.
Мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін бұзылып көрсетуге жол берген жауапты маманның тәртіптік жауапкершілігі қаралды.
Мойынқұм ауданының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2023 жылдың I тоқсанында 10 түсіндірме іс-шаралары (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізіліп, қоғамдық кеңестің мүшелерімен 1 отырыс ұйымдастырылды.
2023 жылдың І тоқсанында
Мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің сапасын ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі
Есепті мерзімде Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 2 ішкі бақылау іс-шараларын жүргізілді.
Анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің бұзылудың 1 фактісі, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 0 фактісі, ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап етудің 0 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың фактісі анықталмады.
Ішкі бақылау нәтижелері бойынша 2 ұсыныс әзірленіп, толық көлемде орындалды.