ЖОБА
Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының елді мекендерінің
шекараларын (шегін) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6, 31-баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) жалпы алаңы 2279,0 гектар Кеңес ауылдық округінің Айдарлы ауылының шекарасы;
2) жалпы алаңы 3931,0 гектар Бірлік ауылдық округінің Бірлік ауылының шекарасы;
3) жалпы алаңы 3329,9 гектар Биназар ауылдық округінің Биназар ауылының шекарасы;
4) жалпы алаңы 1148,43 гектар Қызылтал ауылдық округінің Назарбеков ауылының шекарасы;
5) жалпы алаңы 3186,36 гектар Қызылтал ауылдық округінің Көкжелек ауылының шекарасы;
6) жалпы алаңы 2249,41 гектар Қызылотау ауылдық округінің Күшаман ауылының шекарасы;
7) жалпы алаңы 4623,0 гектар Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылының шекарасы;
8) жалпы алаңы 6540,97 гектар Мойынқұм ауылдық округінің Мойынқұм ауылының шекарасы;
9) жалпы алаңы 2040,0 гектар Қылышбай ауылдық округінің Қылышбай ауылының шекарасы;
10) жалпы алаңы 4217,01 гектар Қарабөгет ауылдық округінің Құмөзек ауылының шекарасы;
11) жалпы алаңы 8188,11 гектар Қарабөгет ауылдық округінің Қарабөгет ауылының шекарасы;
12) жалпы алаңы 4121,04 гектар Қарабөгет ауылдық округінің Сарыөзек ауылының шекарасы;
13) жалпы алаңы 3110,15 гектар Ұланбел уылдық округінің Ұланбел ауылының шекарасы;
14) жалпы алаңы 2151,42 гектар Хантау ауылдық округінің Хантау ауылының шекарасы;
15) жалпы алаңы 88,68 гектар Хантау ауылдық округінің Қияхты ауылының шекарасы;
16) жалпы алаңы 1119,0 гектар Ақбақай ауылының шекарасы;
17) жалпы алаңы 2182,0 гектар Ақсүйек ауылының шекарасы;
18) жалпы алаңы 1548,58 гектар Шығанақ ауылдық округінің Шығанақ ауылының шекарасы;
19) жалпы алаңы 157,46 гектар Шығанақ ауылдық округінің Бурылбайтал ауылының шекарасы;
20) жалпы алаңы 126,52 гектар Шығанақ ауылдық округінің Байтал ауылының шекарасы;
21) жалпы алаңы 1377,62 гектар Мыңарал ауылдық округінің Мыңарал ауылының шекарасы;
22) жалпы алаңы 44,57 гектар Мыңарал ауылдық округінің Мыңарал стансасы ауылының шекарасы;
23) жалпы алаңы 138,77 гектар Мыңарал ауылдық округінің Қашқантеңіз ауылының шекарасы;
24) жалпы алаңы 205,0 гектар Мирный ауылының шекарасы белгіленсін.
«Мойынқұм ауданы бойынша елді мекендердің шекарасын (шегін) өзгерту туралы» Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №178 қаулысы және Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 қазандағы № 16-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3569 болып тіркелген);
«Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Ақбақай, Биназар, Бірлік, Бурылбайтал, Қашқантеңіз, Қияхты, Құмөзек, Кеңес, Мойынқұм, Мыңарал, Мыңарал стансасы, Назарбеков, Ұланбел және Хантау елді мекендерінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы» Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 12 қаулысы және Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 56-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4547 болып тіркелген);