2023 жылғы 6 тамызда Мойынқұм ауданы Хантау ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті

2023 жылғы 6 тамызда Мойынқұм ауданы Хантау ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Мойынқұм ауданы Хантау ауылдық округ әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Хантау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 663 азамат енгізілді, оның ішінде 456 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Т.М. Алпанов – 45; Ж.Б. Бектаев – 53; А.Ж. Сейтказиев – 347; Хантау ауылдық округ әкімі болып Сейтказиев Ануар Жуматаевич сайланды, 1973 жылы туылған, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Хантау ауылдық округ әкімі, Мойынқұм ауданы Хантау ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған. Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 7 тамыздағы шешімімен 2023 жылғы 6 тамызда сайланған Мойынқұм ауданы Хантау ауылдық округ әкімін тіркеді.

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы

 
Дата публикации
07 августа 2023