2023 жылғы 6 тамызда Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті

2023 жылғы 6 тамызда Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылдық округ әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Мойынқұм ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5382 азамат енгізілді, оның ішінде 3624 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 9, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 8.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ж.Т.Айдаркулов – 502; Р.Б.Тұрарқұл – 2861; А.С.Жаманкулова – 244; Мойынқұм ауылдық округ әкімі болып Тұрарқұл Рүстем Бакенұлы сайланды, 1994 жылы туылған, Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған. Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 7 тамыздағы шешімімен 2023 жылғы 6 тамызда сайланған Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылдық округ әкімін тіркеді.

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы

 
Дата публикации
07 августа 2023