2023 жылғы 6 тамызда Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті

2023 жылғы 6 тамызда Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округ әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 690 азамат енгізілді, оның ішінде 491 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 12, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Е.С.Бакбергенов – 53; А.Д.Калыбаева – 361; Е.А.Надиргужин – 62; Жамбыл ауылдық округ әкімі болып Калыбаева Аксана Джамбуловна сайланды, 1973 жылы туылған, уақытша жұмыссыз, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған. Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 7 тамыздағы шешімімен 2023 жылғы 6 тамызда сайланған Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округ әкімін тіркеді.

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы

 

 
Дата публикации
07 августа 2023