Мойынқұм ауданының Жамбыл, Мойынқұм және Хантау ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Мойынқұм ауданының  Жамбыл, Мойынқұм және Хантау ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Мойынқұм ауданында 2023 жылғы 6 тамызға Жамбыл, Мойынқұм және Хантау ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын:
  2. 2023 жылғы 6 тамызға тағайындалған Мойынқұм ауданы Жамбыл, Мойынқұм және Хантау ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Мойынқұм таңы" газетінде жариялансын.

 

 

 

Комиссия төрағасы                                                 С.Садуакасов

 

 

Комиссия хатшысы                                                 Ғ.Қалыбеков

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 июня 2023