ХАБАРЛАМА 2023 жылғы 4 маусымда Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылы әкімінің сайлауы өтті.

ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 4 маусымда Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылы әкімінің сайлауы өтті.
Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылы әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Ақбақай ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 312 азамат енгізілді, оның ішінде 205 адам дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 6, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Д.Б.Алтамашев – 38; М.Б.Бельгимбаев – 128; М.С.Сейдилдаев – 29; Ақбақай ауылы әкімі болып Бельгимбаев Марат Байжанович сайланды, 1990 жылы туылған, Мойынқұм аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының директоры, Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған. Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 5 маусымдағы шешімімен 2023 жылғы 4 маусымда сайланған Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылы әкімін тіркеді.

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
05 июня 2023