Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылы әкімінің
сайлауын тағайындау туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Мойынқұм ауданында 2023 жылғы 4 маусымға Ақбақай ауылы әкімінің сайлауы тағайындалсын:
2. 2023 жылғы 4 маусымға тағайындалған Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылы әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшсына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Мойынқұм таңы" газетінде жариялансын.

 

Комиссия төрағасы С.Садуакасов


Комиссия хатшысы Ғ.Қалыбеков

Дата публикации
28 апреля 2023