Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты
2022 жылдың ІІІ тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 125 қызмет көрсетіледі.
2022 жылдың ІІІ тоқсанында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 1035мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Электронды түрде – 984қызмет (97,5%).
қағаз түрінде –14қызмет (0,3%);
қағаз түрінде (баламалы) – 37қызмет (2,2%);
2022 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген жәнемемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдері бұзылмаған.
Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2022 жылдың ІІІ тоқсанында 4 түсіндірме іс-шаралар жүргізіп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 9125халық қамтылды.
2022 жылдың ІІІ тоқсанында
Мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің сапасын ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі
Есепті мерзімде Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 2 ішкі бақылау іс-шараларын жүргізілді.
Анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің бұзылудың 0фактісі, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 0 фактісі, ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап етудің 0 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 0 фактісі,мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 0 фактісі анықталды.