ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес округтің жергілікті атқарушы органдары 7 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, Оның ішінде:
- 4 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы;
- 6 қызмет қағаз түрінде;
- 4 қызмет электрондық түрде көрсетіледі.
2021 жылдың 12 айында округтің жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-0.
Оныңішінде:
- Электрондық түрде-0 қызмет (0%);
- қағаз түрінде-0 қызмет (0%);
- қағаз түрінде (баламалы) - 0 қызмет (0 %).
2021 жылдың қорытындысы бойынша мерзімі бұзылған мемлекеттік қызметтер болған жоқ.
2021 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 1 қызметкер өтті ( 2021 жылы – 1).
Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2021 жылы 465 халықты қамтылған 13 іс-шара ұйымдастырылды(мақалалар, дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.