Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша 2021 жылғы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

 

          ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес округтің жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 7 түрін көрсетеді.

          Оның ішінде:

          - 4 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы;

          - 6 қызмет қағаз түрінде;

          - 4 қызмет электрондық түрде көрсетіледі.

         

          2021 жылдың 12 айында округтің жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 28.

          Оның ішінде:

            - Электрондық түрде -6 қызмет (1%);

            - қағаз түрінде - 22 қызмет (4%);

            - қағаз түрінде (баламалы) - 0 қызмет (0 %).

          2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдану  фактісі тіркелмеген.

          Бұл бағытта аудан әкімі Мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар Жоспарын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

          Ауылдық округтік деңгейлерде түсіндіру, оқыту және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.

          2021 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 1 қызметкер өтті (2021 жылы – 1).

2021 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілген қызметтер мерзімімен жауап беріліп, барлық өтініш қанағантандырылды

          Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2021 жылы «Мойынқұм таңы» газетіне мақала жарияланды (мақалалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер, онлайн жәрмеңке, бейнероликтер).

         

 

          Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.

 

 

Дата публикации
24 августа 2022