Мойынқұм ауданыәкімдігінің 2021 жылғы
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы
ЕСЕП
ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес аудандық жергілікті атқарушы органдарымен63мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді, бұл Тізілім бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы санының 11,2% - ын құрайды (698).
Оның ішінде:
- 78 қызмет мемлекеттік корпорация арқылы;
- 36 қызмет қағаз түрінде;
- 107қызмет электрондық түрде көрсетіледі.
2020 жылмен салыстырғанда көрсетілген қызметтер саны 49,7%-ға немесе577-гекөбейді(2020 жылы 1985 қызмет көрсетілген).
2021 жылдың 12 айында ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 2562мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оныңішінде:
- Электрондық түрде-2255 қызмет (97,5%);
- қағаз түрінде-194 қызмет (0,3%);
- қағаз түрінде (баламалы) - 113 қызмет (2,2 %).
2021 жылдың қорытындысы бойынша 4 мемлекеттік қызметтердіңмерзімі бұзылып көрсетілген. Жіберілген бұзушылықтар үшін жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Есепті кезеңде ауданның жергілікті атқарушы органдары бекітілген жоспарларға сәйкес 7 ішкі бақылау іс-шараларын өткізді.Іс-шаралар қорытындысы бойынша бұзушылық анықталды:
- мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзудың 1 фактісі;
-мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 0 фактісі;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 0 фактісі;
- ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап етудің
0 фактісі,
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың
0 фактісі;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 3 фактісі.
Ішкі бақылау нәтижелері бойынша 3 ұсыным әзірленіп толығымен орындалды. Сондай-ақ,1 жауапты тұлғаға тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды (1 –«ескерту»).
2021 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымданудың 1 фактісі тіркелген.
Аталған шағым бойынша өтініш берушінің уәжі расталып, жауапты мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
2021 жылы «ЗОР РУХ» қайырымдылық қоры Агенттік орналастырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде халықтың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін айқындау мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді. Оның нәтижелері бойынша облыстың ЖАО-ның мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 72,8% құрады.
Бұл бағытта аудан әкімі Мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар Жоспарын, сондай-ақ Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарының жұмыс сапасына қанағаттану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.
Ауыл, ауылдық округтер деңгейлерде түсіндіру, оқыту және практикалық көмек үнемі жүргізіледі.
2021 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мойынқұм ауланы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 27 қызметкер өтті.
Сонымен қатараудан әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдарымен (цифрлық технологиялар басқармасының, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының өкілдерімен бірлесіп)мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша оқу-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауданәкімдігінің бөлімдерінің және ауыл, ауылдық округ әкімдері аппараттарыныңқызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2021 жылы 15777 халықты қамтылған36 іс-шара ұйымдастырылды(мақалалар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер, онлайн жәрмеңке, бейнероликтер).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.