Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты  Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың 12 айы бойынша қысқаша есебі

 

Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты

 Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың

12 айы бойынша қысқаша есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 63 қызмет көрсетіледі. Оның ішінде: 78 қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы, 107 қызмет электронды форматтакөрсетілуде.

2021 жылдың 12 айындааудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 2562 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

Электронды түрде – 2255қызмет (97,5%).

қағаз түрінде –194қызмет (0,3%);

қағаз түрінде (баламалы) – 113қызмет (2,2%);

 

2021 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге
1шағым түскен және1 мемлекеттік көрсетілген қызметтердің мерзімдері бұзылған. Ол бойынша жауапты қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі қаралды.

Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2021 жылдың 12 айында36түсіндірме іс-шаралар жүргізіп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер)15 777халық қамтылды.

 

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы 2021 жылдың 12 айы бойынша қысқаша есебі

Есепті мерзімде Мойынқұм ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті мерзімде 7 ішкі бақылау іс-шараларын жүргізілді.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің бұзылудың 1фактісі, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап етудің 0 фактісі, ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап етудің 0 фактісі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың 0 фактісі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 0 фактісі,мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 3фактісі анықталды.

Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 3 ұсыныс әзірленіп, толығыменорындалды.

 

Дата публикации
17 августа 2022