Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2022 жылдың
6 айы бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес аудандық жергілікті атқарушы органдарымен (әрі қарай - ЖАО) 63 қызмет көрсетіледі.
2022 жылдың 6 айында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 33 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
электрондық түрде – 290 қызмет (15,54 %);
ақпараттық жүйелер – 841 қызмет (45,1%)
қағаз түрінде – 62 қызмет (3,3 %);
қағаз түрінде (баламалы) – 38 қызмет (2,03 %).
2022 жылдың 6 айында ЖАО-мен қызметті көрсетуден бас тарту фактісі, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзім бұзылу фактісі орын алмады.
Мойынқұм ауданының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2022 жылдың 6 айында 26 түсіндірме іс-шаралары (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізіліп, қоғамдық кеңестің мүшелерімен 2 отырыстар ұйымдастырылды.
Мойынқұм ауданы әкімінің аппаратының жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына ішкі бақылау жұмысын жүргізді. Есепті мерзімде аудан әкімдігінің 5 ауылдық округтерінде ішкі бақылау жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бұзушылықтар анықталмады.