Мойынқұм ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

ЖОБА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мойынқұм ауылы

 

 

Мойынқұм ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2-тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мойынқұм ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
  2. «Мойынқұм ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі №87 қаулысының (Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 4 мамырда № 4602 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
  3. «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Амирханов Ержан Алимхановичке жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                                А.Балкыбеков

Мойынқұм ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
Дата публикации
12 мая 2022