Мойынқұм ауданы бойынша 2022 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Жоба

 

 

 

 

 

Мойынқұм ауылы

 

 

Мойынқұм ауданы бойынша 2022 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

 

 

                "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының   10-3-бабының 1-тармағына, "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 сәуірдегі №20284 болып тіркелген), "Құрылыс саласының жаңа нормативтік базасын бекіту туралы" 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 156-НҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының бұйрығына (27.04.2021 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) сәйкес, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы бойынша 2022 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың аумақтың экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар, өнеркәсіп салаларын, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамыту, аумақтық құрылыс, жер учаскесін сатып алу туралы жобаларын қарау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
  4. «Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-сі осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Мойынқұм ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды және аудандық Мойынқұм таңы газетінде жариялауды қамтамасыз етсін.

 

 

Мойынқұм аудандық

мәслихат хатшысы                                 Б.Қалымбетов                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәслихатының шешіміне қосымша_________

 

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы бойынша 2022 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері

 

№

Атауы

Шығыстардың ең төменгі мөлшері (айына1 шаршы метр үшін теңге)

1

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері

15,00

 

 

 

 

Мойынқұм ауданы бойынша 2022 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы
Дата публикации
08 февраля 2022