Мойынқұм ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі тарапынан ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында конкурс болатындығы жөнінде хабарлама берілген болатын.

Мойынқұм ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі тарапынан ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында конкурс болатындығы жөнінде хабарлама берілген болатын. Қазақстан Республикасының жер кодексінің 43-1 бабына және Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес осы конкурсқа 48 лот бойынша жер учаскесі қойылды. 29 қараша - 23 желтоқсан күндері аралығында құжаттар қабылданды. Жалпы 61 жабық конверт өткізіліп, 23 желтоқсан күні сағат 16-00де құжат қабылдау тоқтатылды .

 

Аудан көлемінде ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімдерін жалға беру жөніндегі жер комиссиясының 50%-нан кем кворумның жиналмауына байланысты конкурс ағымдағы жылдың желтоқсан айының           30-на сағат 11-00ге қалдырылды.

 

 

Дата публикации
27 декабря 2021