Мойынқұм ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі тарапынан ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында конкурс болатындығы жөнінде хабарлама берілген болатын. Қазақстан Республикасының жер кодексінің 43-1 бабына және Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген қағидаға сәйкес осы конкурсқа 48 лот бойынша жер учаскесі қойылды. 29 қараша - 23 желтоқсан күндері аралығында құжаттар қабылданды. Жалпы 61 жабық конверт өткізіліп, 23 желтоқсан күні сағат 16-00де құжат қабылдау тоқтатылды .
Аудан көлемінде ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімдерін жалға беру жөніндегі жер комиссиясының 50%-нан кем кворумның жиналмауына байланысты конкурс ағымдағы жылдың желтоқсан айының 30-на сағат 11-00ге қалдырылды.