Мойынқұм ауданы Мирный ауылы әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- 2022 жылғы 16 қаңтарға Мойынқұм ауданының Мирный ауылы әкімінің сайлауы тағайындалсын:
- 2022 жылғы 16 қаңтарға тағайындалған Мойынқұм ауданының Мирный ауылы әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Мойынқұм таңы" газетінде жариялансын.
Комиссиясы төрағасы С.Садуакасов
Комиссия хатшысы С.Нәметхан