Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты
2020 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерді қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес аудандық жергілікті атқарушы органдарымен 58 қызмет түрі көрсетіледі.
2020 жылдың 12 айында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 11 328 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
- электронды түрде – 9 185 қызмет (81,1 %).
- қағаз түрінде – 682 қызмет (6,0 %);
- қағаз түрінде (баламалы) – 248 қызмет (2,2 %);
- мемлекеттік корпорация арқылы – 1213 қызмет (10,7 %);
Осы мерзімде қызмет берушілердің қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту дерегі орын алмады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына шағымдану фактісі орын алған жоқ.
Жылдық есепке сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі бұзылып орындалуы бойынша 2020 жылы 2 дерек тіркеліп, 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 2 жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мойынқұм ауданы әкімі аппаратымен 2020 жылы 25 мекемеге, оның ішінде 9 ауыл, ауылдық округ әкімдіктері мен 16 водомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілді. Жүргізілген ішкі бақылау нәтижесінде методикалық көмектер көрсетіліп, кемшіліктерге қатысты 31 ұсыныс беріліп, ұсыныста көрстетілген кемшіліктер бойынша 8 жауапты тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында 60 түсіндірме іс-шаралары (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер), 1490 халыққа насихаттау жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық кеңестің 4 отырысы өткізілді.