Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың ІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі

Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың

ІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес аудандық жергілікті атқарушы органдарымен (әрі қарай - ЖАО) 63 қызмет көрсетіледі.

2021 жылдың ІІ тоқсанында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 603 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

Электронды түрде           –    469 қызмет (77,8 %);

қағаз түрінде                     –     88 қызмет (14,6 %);

қағаз түрінде (баламалы) –    46 қызмет (7,6 %).

2021 жылдың ІІ тоқсанында ЖАО-мен мемлекеттік қызметтердің көрсетілу мерзімін бұзу фактісі, қызметті көрсетуден бас тарту фактісі, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге  шағымдану фактісі орын алмады.

Мойынқұм ауданының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2021 жылдың ІІ тоқсанында 9 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 1749 халық қамтылды.

Мойынқұм ауданы әкімінің аппаратының жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына ішкі бақылау жұмысын жүргізді. Есепті мерзімде аудан әкімдігінің 2 бөліміне ішкі бақылау жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бұзушылықтар анықталмады.

 

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың ІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі
Дата публикации
02 июля 2021