Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты
Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың
І тоқсаны бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес аудандық жергілікті атқарушы органдарымен (әрі қарай - ЖАО) 63 қызмет көрсетіледі.
2021 жылдың І тоқсанында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 670 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Электронды түрде – 546 қызмет (81,5 %);
қағаз түрінде – 94 қызмет (14 %);
қағаз түрінде (баламалы) – 30 қызмет (4,5 %).
2021 жылдың І тоқсанында ЖАО-мен қызметті көрсетуден бас тарту фактісі, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмады. Мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтердің саны – 1.
Мойынқұм ауданының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2021 жылдың І тоқсанында 12 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 1434 халық қамтылды.
Мойынқұм ауданы әкімінің аппаратының жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына ішкі бақылау жұмысын жүргізді. Есепті мерзімде аудан әкімдігінің 2 бөліміне ішкі бақылау жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бұзушылықтар анықталмады.