Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты  Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі

Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты

 Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың

ІІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес аудандық жергілікті атқарушы органдарымен (әрі қарай - ЖАО) 63 қызмет көрсетіледі.

2021 жылдың ІІІ тоқсанында аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 798 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

Электронды түрде           –    776 қызмет (97,2 %);

қағаз түрінде                     –     12 қызмет (1,5 %);

қағаз түрінде (баламалы) –    10 қызмет (1,3 %).

2021 жылдың ІІІ тоқсанында ЖАО-мен қызметті көрсетуден бас тарту фактісі, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге  шағымдану фактісі орын алмады. Мерзімдері бұзылып көрсетілген                   қызметтердің саны – 1.

Мойынқұм ауданының ЖАО-мен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2021 жылдың ІІІ тоқсанында 7 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 2684 халық қамтылды.

Мойынқұм ауданы әкімінің аппаратының жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына ішкі бақылау жұмысын жүргізді. Есепті мерзімде аудан әкімдігінің 2 бөліміне ішкі бақылау жүргізіліп, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бұзушылықтар анықталмады.

 

Мойынқұм ауданы әкімінің аппараты  Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша қысқаша есебі
Дата публикации
08 октября 2021