24.09.2021ж №14
Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылы әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- 2021 жылғы 24 қазанға Мойынқұм ауданының Ақбақай ауылы әкімінің сайлауы тағайындалсын:
- 2021 жылғы 24 қазанға тағайындалған Мойынқұм ауданының Ақбақай ауылы әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Мойынқұм таңы" газетінде жариялансын.
Мойынқұм аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы С.Садуакасов