Ауданішілік әлеуметтік мәні бар жолаушыларды тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы           4 шілдедегі Заңының 19-бабының 4, 5-тармақтарына және «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының            31, 37 баптарына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауданішілік әлеуметтік
    мәні бар жолаушыларды тұрақты тасымалдау тарифтері белгіленсін.
  2. «Мойынқұм ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімі орынбасары Тулегенов Сабит Орынбетовичке жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                М.Мусаев

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Мойынқұм аудандық

мәслихатының хатшысы

_____________ Б.Қалымбетов

«____»____________2021ж

 

Мойынқұм ауданы әкімдігінің

2021 жылғы «__» ______

№ ____ қаулысына қосымша

 

 

Ауданішілік әлеуметтік мәні бар жолаушыларды тұрақты тасымалдау тізімдері

 

№

Маршрут атауы

1 (бір) жолаушыға ұсынылатын немесе ағымдағы тариф

Ересектерге

Балаларға

1.

Автобекет-Орталық аурухана

40

20

2.

Мойынқұм-Құмөзек-Қарабөгет-Сарыөзек

400

200

3.

Мойынқұм-Қылышбай

200

100

4.

Мойынқұм-Жамбыл

100

50

 

Ауданішілік әлеуметтік мәні бар жолаушыларды тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы
Дата публикации
30 июня 2021