Мыңарал ауылдық округі Мыңарал ауылындағы Сәкен Сейфуллин көшесі атауының транскрипциясын нақтылау туралы

Мыңарал ауылы

 

Мыңарал ауылдық округі

Мыңарал ауылындағы

Сәкен Сейфуллин көшесі атауының

транскрипциясын нақтылау туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                          23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы                      8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2020 жылғы                      24 қарашадағы қорытындысы және тиісті аумақ халқының пікірлерін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мойынқұм ауылдық округінің Мойынқұм ауылындағы Рахымқұл Садықов және Абу Бұхарбаев көшелерінің ортасында орналасқан көшесінің атауы Сәкен Сейфуллин болып транскрипциясы нақтылансын.
  2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мыңарал ауылдық

округінің әкімі                                                       Т.Сабитов                                                                    

Мыңарал ауылдық округі Мыңарал ауылындағы Сәкен Сейфуллин көшесі атауының транскрипциясын нақтылау туралы
Дата публикации
17 февраля 2021