Мойынқұм аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары

«Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы
29 желтоқсандағы №2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабының 4-тармағына,
14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1, 3 - тармақтарына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
2020 жылғы 11 қыркүйектегі №21/323 қаулысының негізінде Мойынқұм аудандық сайлау
комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №2 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1.1. Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің саны 11 (он бір) болып белгіленсін және шекаралары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулы Мойынқұм аудандық мәслихатына жіберілсін.

3. Осы қаулы Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Мойынқұм Таңы» газетінде жариялансын.

4. Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға                                                                          С. Садуакасов

 

 

Хатшы                                                                            Е. Жұмаділдә

 

 

 

 

Мойынқұм ауылы,

13 қазан 2026 жыл

№11

 

Мойынқұм аудандық сайлау комиссиясының

2026 жылғы 13 қазандағы №11

қаулысына қосымша

 

 

Мойынқұм аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша

бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары

 

№1 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:                           Мойынқұм ауданы, Кеңес ауылдық округі, Айдарлы ауылы, Биназар көшесі №48, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің №2 орта мектебі» КММ ғимараты

Шекаралары: Кеңес ауылдық округініңАйдарлы ауылы, Биназар ауылдық округініңБиназар  ауылдары.

Құрамына №306, №307 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№2 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:                           Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы, Амангелді көшесі №10,  «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебі» КММ ғимараты

          Шекаралары: Бірлік ауылдық округінің Бірлік ауылы.

Құрамына №308, №482 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№3 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:                           Мойынқұм ауданы, Қызылтал ауылдық округі, Көкжелек ауылы, Сырғабаев көшесі №1, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің Б.Момышұлы атындағы орта мектебі» КММ ғимараты

Шекаралары: Қызылтал ауылдық округінің Көкжелек ауылы, А.Назарбеков ауылы,Жамбыл ауылдық округінің Жамбыл ауылдары.

Құрамына№309, №310, №312 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№4 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:                           Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылдық округі, Мойынқұм ауылы, Б. Омаров көшесі №10, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің М.Жұмабаев атындағы мектеп лицейі» КММ ғимараты

Шекаралары: Мойынқұм ауылдық округінің Мойынқұм ауылы.

Құрамына№313 сайлау учаскесінің шекасы кіреді.

 

№5 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:                           Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылдық округі, Мойынқұм ауылы,

Қ. Рысқұлбеков көшесі №35, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің Жамбыл атындағы мектеп гимназиясы» КММ ғимараты

Шекаралары: Мойынқұм ауылдық округінің Мойынқұм ауылы.

Құрамына №314 сайлау учаскесінің шекасы кіреді.

 

№6 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:                               Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылдық округі, Мойынқұм ауылы,

Қ.Нарымбетов көшесі №1, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің Т.Рысқұлов тірек мектебі» КММ ғимараты

Шекаралары: Мойынқұм ауылдық округінің Мойынқұм ауылы, Қызылотау ауылдық округінің Күшаман ауылдары.

Құрамына №315, №311 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№7 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:                                 Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылдық округі, Мойынқұм ауылы Б.Омаров көшесі №13, "Мойынқұм ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мойынқұм аудандық мәдениет үйі" КМҚК ғимараты.

Шекаралары: Мойынқұм ауылдық округінің Мойынқұм ауылы, Қылышбай ауылдық округінің Қылышбай ауылдары.

Құрамына№483, №316 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№8 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:                               Мойынқұм ауданы, Қарабөгет ауылдық округі, Құмөзек ауылы Жамбыл көшесі №15. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ ғимараты

Шекаралары: Қарабөгет ауылдық округінің Құмөзек ауылы, Қарабөгет ауылы, Сарыөзек ауылы, Ұланбел ауылдық округінің Ұланбел ауылдары.

Құрамына№317, №318, №319, №320 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№9 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:                               Мойынқұм ауданы, Хантау ауылдық округі, Хантау  ауылы, Биназар  көшесі №3, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебі» КММ ғимараты

Шекаралары: Хантау ауылдық округінің Хантау ауылы, Қияқты станциясы, Ақбақай ауылы, Мирный ауылдары.

Құрамына№321, №322, №325, №326 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№10 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:                               Мойынқұм ауданы, Шығанақ ауылдық округі, Шығанақ ауылы, Абай  көшесі №16, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің Шығанақ орта мектебі» КММ ғимараты

Шекаралары: Шығанақ ауылдық округінің Шығанақ ауылы, Ақсүйек ауылдары.

Құрамына №323,  №327 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

 

№11 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері:                               Мойынқұм ауданы,Мыңарал ауылдық округі, Мыңарал ауылы, Садықов көшесі №8, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің Қасымов атындағы орта мектебі» КММ ғимараты

Шекаралары: Мыңарал ауылдық округінің Мыңарал ауылы, Мыңарал стансасы, Қашқантеңіз стансасы, Шығанақ ауылдық округінің Шығанақ ауылы, Бурылбайтал ауылы, Бурылбайтал стансалары.

Құрамына №324, №484, №488 сайлау учаскелерінің шекаралары кіреді.

Дата публикации
16 октября 2026