2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихаты депутаттарының

кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының
14-бабының 2) және 8) тармақшаларына және «2026 жылғы 29 қарашаға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысына сәйкес Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 
13 қазандағы №60/99 қаулысы және «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы»
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №21 қаулысы  басшылыққа алынсын.

2. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (әрі қарай- Күнтізбелік жоспар) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы қаулы Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Мойынқұм Таңы» газетінде жариялансын.

 

           Төраға                                                                             С. Садуакасов

 Хатшы                                                                             Е. Жұмаділдә

 

 

Мойынқұм ауылы,

13 қазан 2026 жыл

 №12

Дата публикации
13 октября 2026