Мойынқұм ауданы Биназар ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Биназар ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 13 қыркүйек Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Биназар ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Биназар ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 770 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 496 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс –5 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Биназар ауылдық округі әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Атаев Камбар Смангалиевич үшін сайлаушылардың 285 дауысы берілді,

Шады Ерсайын Бақкелдыұлы үшін сайлаушылардың 142 дауысы берілді.

Шубаева Макпал Жагалбаевна үшін сайлаушылардың 24 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 36.

Сайлау қорытындыларымен: Биназар ауылдық округінің әкімі болып Атаев Камбар Смангалиевич сайланды. 1981 жылы туған, Мойынқұм ауданы Биназар ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Биназар ауылының тұрғыны.

 

Мойынқұм аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 сентября 2026